ӘлеуметҚоғам

ТҮРКІСТАН КЕЛЕС: ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН 2,5% НЕСИЕ ЖӘНЕ «СЕРПІН-2050» БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША АҚПАРАТ БЕРІЛДІ

Келес аудан әкімдігінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің Жастарға қызмет көрсету бөлімінің мамандары мен «Jastar ruxy» еріктілері жастарға арналған 2,5% пайыздық несие бойынша Ақтөбе ауылдық округінде, «Серпін-2050» мемлекеттік бағдарламасы бойынша Ұшқын ауылдық округінде түсіндірме жұмыстарын жүргізілді.
Аудан тұрғындарына несиенің негізгі шарттары толық түсіндірілді.
Несие бағдарламасына тіркелгеніне әлі 5 жыл толмаған жеке кәсібі бар, 35 жасқа толмаған жастар қатыса алады. Үміткердің жасы құжат тапсыру сәтінде ескеріледі.
Несиенің ең жоғары сомасы – 5 млн теңге (кепіл қою міндетті).
Сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 2,5%-дан аспайды.
Кредиттеу мерзімі мал шаруашылығына – 7 жыл, өзге кез-келген мақсат үшін – 5 жыл.
«AMANAT» партиясы Келес аудандық филиалы

«ЖАСЫЛ АЙМАҚ»: СОЗАҚ АУДАНЫНДА 1500 ТҮП ГҮЛ КӨШЕТТЕРІ ЕГІЛДІ

Алдыңғы

АҚТАЛСА ҮМІТ БЕКИДІ СЕНІМ (-1-)

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *