«AMANAT» партиясы Келес аудандық филиалында 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесі қарсаңында, аудандағы түрлі салада қызмет ететін өзге ұлт өкілдері марапатталды.
Аталған жиынға аудандық ақсақалдар кеңесі төрағасы Нұртаев Лесбек Ағылұлы, партия филиалының консультанты Айдаров Нұрпейіс Нұрғалиұлы және бірқатар азаматтар қатысты.
Лесбек Ағылұлы «1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні» – соңғы жылдары Отанымыз басынан кешкен тарихи оқиғалардың жылнамасына айналғанын айтып, аудандағы ұлттар мен ұлыстар арасында достық пен қайырымдылық құндылықтарын және ұлтаралық татулық пен келісімді мәдени тұрғыдан жандандыру мен дамытуға қосқан үлестері үшін шынайы алғысын жеткізіп, «AMANAT» партияс Түркістан облыстық филиалының төрағасы А.Үмбеталиевтің алғыс хатымен марапаттады.
Марапатталған азаматтар партия тарапынан еңбектері бағаланғандарына ризашылығын білдіріп, 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай аудан халқы мен филиал қызметкерлеріне алғыстарын айтып, алдағы уақытта өз қызметтері мен партия бағдарламаларын іске асыруда белсенді де жемісті еңбек ететіндерін жеткізді.
«AMANAT» партиясы Келес аудандық филиалы
Comments