Бүгін 1 мамыр жалпыхалықтық тазалық күні. «AMANAT» партиясының Келес аудандық филиалының ұйымдастырумен елімізде өтіп жатқан «Өнегелі ұрпақ» Республикалық акциясы аясында Келес ауданындағы соғыс ардагерлері мен филиал қызметкерлері сенбілікке шықты.
Шара барысында Абай ауылындағы «Ардагерлер» аллеясының аумағына тазалық жұмыстарын жүргізіп, Ауғанстан соғысында қаза болған арадагерлерге орнатылған ескерткіш маңын ретке келтірді.
Құрметті аудан тұрғындары «Өнегелі ұрпақ» апталығы 5 мамырға дейін жалғасын табады. Баршамыз қазақстанның таза болуына атсалысайық.
Мемлекет басшысының тапсырмасымен республика бойынша «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы бес аптаға созылады. Әр аптаның өзіндік тақырыбы мен нақты мақсаты болмақ.
«Таза өлке». Бірінші аптада елді мекендердің тұрғындары, қоғам қайраткерлері, ұйымдардың қызметкерлері өз аумағындағы аулаларды тазалайды.
«Киелі мекен». Екінші апта тарихи-мәдени ескерткіштердің аумағын абаттандыруға арналады.
«Жасыл аймақ». Үшінші аптада көшет отырғызу, ағаштарды әктеу жұмыстары жүргізіледі.
«Өнегелі ұрпақ». Акцияның төртінші аптасында ардагерлердің аулалары мен қарттар үйінің аумағын тазалау, абаттандыру көзделеді.
«Мөлдір бұлақ». Акцияның қорытынды, бесінші аптасында өзендер мен көлдер қоқыстан тазартылады.
«AMANAT» партиясы Келес аудандық филиалы
Comments