«AMANAT» партиясының ұйымдастыруымен елімізде «Қарызсыз қоғам» атты жобасы барлық өңірде жүргізілуде. Халықтың қаржылық сауатын арттыруға бағытталған бұл жоба бүгінде көптеген азаматтарға өз пайдасын тигізуде.
Қазіргі таңға аудан көлемінде 9 ауылдық округте оқыту семинары өткізіліп 591 азамат семинарға қатысты. Семинарға әр-бір ауылдық округке қарасты елді мекен тұрғындары қатысуда. Жоба аясындағы семинарда қаржы сарапшысы Қангелдиев Ержан Ұласбекұлы қатысушыларға өз қаржысын тиімді басқаруды, жалпы шығындарды есептеп оларды жүйелеуді, алаяқтық әрекеттердің белгілерінен құтылу жолдарын үйретуде.
Аталған жобада несие бойынша берешегі бар және борышкерлер тізімінде тұрғандар, қарызы бар және оның мерзімін өткізіп алған азаматтар, мемлекеттен жеңілдікпен несие алуға үміткер кәсіпкерлер де оқуға қатысуда.
Сонымен қатар оқу семинарына толық қатысқан жандарға оқу соңында сертификаттар берілуде.
Құрметті аудан тұрғындары «Қарызсыз қоғам» оқыту семинары қаржылық сауаттылықты арттыруға бағытталған жоба Бірлік, Бозай және Жамбыл ауылдық округтерінде 13 мамырдан бастап өткізіледі.
«AMANAT» партиясы Келес аудандық филиалы
Comments