ӘлеуметҚоғам

ТҮРКІСТАН-КЕЛЕС: «АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ»

Келес ауданының орталығы Абай ауылында 98 жастағы тыл ардагері Рахима Галимова тұрады. Ол Келес ауданына 1950 жылы жұбайымен бірге көшіп келген. Жұбайы Ұлы отан соғысының ардагері. Рахима Фатхуллиновна жастайынан тылда еңбек етіп, еліміздің бейбіт өмір кешуіне өз үлесін қоса білді. Осы орайда бүгін Абай ауылының әкімі Ерғали Абдирахманов бастаған әкімдік ұжымы тыл және «Jastar ruxy» еріктілері ардагердің шаңырағында болып, үй-жайы мен ауласын тазартып, ағаш түптерін қопсытып, қоршауларды сырлады.
Әкімдік қызметшілері кейуананың хал-жағдайын сұрап, ақ батасын алды. Ауыл әкімі ғасыр жасаған тыл ардагерімен дидарласып әңгімелесу барысында Рахима Фатхуллиновна өткенге ой жүгіртіп тылдағы еңбектің бүгінгі жемісін көріп отырғандығын, елдің әрқашан да аманшылығын тілеп отыратындығын айтып өтті.
Айта кетейік, Келес ауданында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында «Өнегелі ұрпақ» апталығы өтуде. Апта бойына өңірде көптеген тазалық іс-шаралары қолға алынды. Апталық аясында аудан аумағындағы «Ардагерлер» аллеясында тазалық акциясы өтті.
Үлгі мен даналықты дәріптеп, кейінгі жас ұрпақтың бойында табиғатқа, қоршаған ортаға деген жанашырлық, қамқорлық сезімдерін қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған іс-шараға ауған соғысының ардагерлері, бірқатар қоғам қайраткерлері, еңбек ардагерлері мен жастар қатысты. Жалпы, «Өнегелі ұрпақ» акциясындағы жұмыстарға 1000-ға жуық адам атсалысты.
«AMANAT» партиясы Келес аудандық филиалы

ҚАРТТАРЫМ — ҚАЗЫНАМ (-2-)

Алдыңғы

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «ӨНЕГЕЛІ ҰРПАҚ» АПТАЛЫҒЫНДА АРДАГЕРЛЕРДІҢ ҮЙ АУЛАСЫНДА СЕНБІЛІКТЕР ӨТІП ЖАТЫР

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *