Бүгін бекітілген кестеге сәйкес «Майлыкент» және «Денсаулық» бастауыш партия ұйымының жиналыстары өткізілді. Жиынға аудандық филиалдың атқарушы хатшысы Е.Жүнісов, аудандық мәслихаттың депутаты Қ.Қоқанбаев, Майлыкент а/о әкімі Қ.Ахметов және БПҰ төрағалары қатысты. Жиында филиалдың атқарушы хатшысы Ержан Әліұлы партияның 2024 ж І тоқсанында атқарылған жұмыстарымен таныстырып, баяндама жасады. Сонымен бірге БПҰ мүшелері білдірген ұсыныстары қабылданып, тиісті жұмыстар жүргізілетіндігі айтылды. Сонымен қатар Майлыкент а/о әкімі Ахмет Хамитбекұлы округке қатысты биылғы атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы уақытта атқарылатын жұмыстарына шолу жасап, жоспарымен бөлісіп өтті. Келесі кездесу «Отан» БПҰ жалғасын таппақ.
«AMANAT» партиясы Түлкібас аудандық филиалы
Comments