Бүгін бекітілген кестеге сәйкес «Мичурин» және «Кемербастау» бастауыш партия ұйымының жиналыстары өткізілді. Жиынға аудандық филиалдың атқарушы хатшысы Е.Жүнісов, аудандық мәслихаттың депутаты Н.Қоянбаев, Мичурин а/о әкімі М.Омарбеков және БПҰ төрағалары қатысты. Жиында филиалдың атқарушы хатшысы Ержан Әліұлы өзінің өмірбаянын және партияның 2024 ж І тоқсанында атқарылған жұмыстарымен таныстырып, баяндама жасады. Жиналыс барысында партия мүшелеріне округке қатысты ойларында жүрген бірнеше мәселелерді көтеріп, заң аясында шешілуін сұрады. Тиісінше филиалдың атқарушы хатшысы Ержан Әліұлы әр көтерілген мәселе партия бақылауында болып, көмек көрсетуге ықпал ететіндігін жеткізді.
«AMANAT» партиясы Түлкібас аудандық филиалы
Comments