Бүгін «AMANAT» партиясы Түлкібас аудандық филиалы қоғамдық қабылдау бөлмесінің жұмыс жоспарына сәйкес Түлкібас ауданы әкімдігінің тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысы Телгараев Мұстафа Тұртанұлы қабылдауға жазылған аудан тұрғындардың арыз-өтініштері бойынша жеке қабылдау өткізді. Қабылдауға жазылған азаматтар 2010 жылы мемлекеттен берілген тұрғын үйді жекешелендіру және оларға ай сайынғы төленетін коммуналдық жалдамалы пәтер ақысын жеңілдетілген түрде төлеу мәселесі бойынша көмек сұрап келген. Бөлім басшысы Мұстафа Тұртанұлы көтерілген мәселелер бойынша заң аясында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
«AMANAT» партиясы Түлкібас аудандық филиалы
Comments