ӘлеуметҚоғам

БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық партия филиалының төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Алтынсары Дүйсенбекұлы Үмбеталиев Қазығұрт аудандық филиалына қарасты «Қарабау» және «Сарапхана» бастауыш партия ұйымының мүшелерімен кездесті.
Кездесу барысында облыстық партия филиалының төрағасы А.Умбиталиев бастауыш партия ұйымдары — жергілікті жерлерде партия саясаты мен оның стратегиялық міндеттерін жүзеге асырып, халықпен және әрбір аманаттықпен етене жұмыс істейтін құрылым екенін атап өтті. Сондай-ақ, А.Үмбиталиев «Ардагерді ардақтайық», «Құқықтық көмек», «Кедергісіз келешек», «Бақытты отбасы», «Ауыл аманаты», «Жер аманаты» партиялық жобалары аясындағы жұмыстарға кеңінен тоқталды. Сонымен қатар жиынға қатысқан барлық аманаттықтарды халықпен етене жақын болып нәтижелі жұмыстарды бірлесіп атқаруға шақырды.
Айта кетейік, «Қарабау» бастауыш партия ұйымының 303 партия мүшесі бар. Аталған бастауыш партия ұйымына А. Макаренко атындағы жалпы білім беретін мектебінің директоры Ахметов Еркін төрағалық етеді. Ал, «Сарапхана» бастауыш партия ұйымына жеке кәсіпкер Аширбаев Аманжол Орманұлы төрағалық етуде.
Аталған бастауыш партия ұйымдары партияның «Кедергісіз келешек», «Құқықтық көмек», «Халыққа көмек», «Ардагерлерді ардақтайық», «Бақытты отбасы» жобалары бойынша тұрақты түрде жұмыс жүргізуде. «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында екі ауыл округтен 165 азамат оқуын оқып,арнайы сертификат алып, қаржылық сауаттылықтарын арттырды.
Аудандық қоғамдық қабылдау бөлмесінің жұмыс жоспарына сәйкес ауылдық округтерде көшпелі қоғамдық қабылдаулар өтізіліп, ауыл тұрғындарының арыз шағымдары бойынша «Халыққа көмек», Құқықтық көмек партиялық жобасы аясында тұрақты түрде көмек көрсетілуде.
Жиын барысында партия мүшелері тарапынан бірқатар ұсыныстар айтылды. «Ауыл аманаты» жобасы Қарабау ауыл округінде де жүзеге асырылуына ықпал етілуін және де елді мекеннің ішкі жолдары мен жарықтандыру мәселесіне көмек көрсетуді сұранды. Одан бөлек ауыл ақсақалдары, есепте тұратын тұрғындарға дәрі дәрмектердің сапалы түрі берілуіне ықпал етуді өтінді. Жалпы, жиынға қатысушылар өз тараптарынан барлық бастамаларды қолдайтындықтарын білдірді.
«AMANAT» партиясы Қазығұрт аудандық филиалының баспасөз қызметі.

КЕЗЕКТІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ

Алдыңғы

ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТУДЕ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *