ӘлеуметҚоғам

ПАРТИЯНЫҢ МАҚСАТЫ “ҰЛТТЫҚ МҰРА”ЖОБАСЫН НАСИХАТТАУ!

«AMANAT»- партиясы Шардара аудандық филиалы, Наурыз мерекесіне орай, “Ұлттық мұра” партиялық жобасы аясында, бастауыш партия ұйымдарының ұйымдастыруымен арасында тоғызқұмалақтан турнир өткізді.
Аталған іс — шараның басында аудандық филиал төрағасы Е.Бекеттің өзі қатысып,турнирге келген аудандағы 5-мектептің жасөспірімдері өздерінің біліктілігімен танылып,ұйымдастырған БПҰ-дың ыстық ықыласына бөленді.
Турнирге алпыстан астам жасөспірімдерден құралған қыздар мен ұлдар командалары қатысты.
Қызықты сайыста жеңіп шыққан жүлдегерлерге бағалы сыйлықтар мен медальдер, кубоктар табысталды. Жалпы ата — бабаларымыз кезінде тоғызқұмалақты өте сүйсініп ойнаған.
Негізі бұл ойын түрін 2 — 3 — сыныптан бастап ойнаса балаларға тиімділігі өте жоғары. Тез шешім қабылдауға, есеп үйренуге , ойлау қабілетін дамытуға тәрбиелейді. Тоғызқұмалақтан жарыс өткізуді бастауыш партия ұйымдары жыл сайын үрдіске айналдырды.
Турнир соңында филиал төрағасы Ережеп Құдайбергенұлы жарыс жеңімпаздарын марапаттап,тиісті жүлде алғандарға медаль, кубоктары мен Дипломдарын табыстады.
Аталған іс-шараны жоғары деңгейде ұйымдастырған БПҰ төрағалары мен төрайымдарына жылы лебізін білдіріп, Наурыз мерекесімен құттықтап,партиялық жобаларды дәріптеуді,дәстүрге айналдыратындықтарына сенім білдірді.
«AMANAT» партиясы Шардара аудандық филиалы

ТҮРКІСТАН-КЕЛЕС:​ КЕЗЕКТІ ФРАКЦИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ.

Алдыңғы

«АДАЛ АДАМ – АДАЛ ЕҢБЕК – АДАЛ ТАБЫС»

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *