Республика бойынша өткізіліп жатқан «Таза Қазақстан» акциясының аясында, Шардара ауданы ның әкімі Арман Романұлының қатысуымен аудан тұрғындары ,аудан әкімдігі ,қала,ауыл округі әкімдік қызметкерлері,медицина,әлеуметтік сала қызметкерлері,белсенді жастар ,ардагерлер,ауыл ақсақалдары,аудандық мәслихат депутаттары, партия филиалының қызметкерлері, үкіметтік емес ұйым,мекеме қызметкерлері, жастар, еріктілер мен аудан тұрғындары жаппай сенбілікке шығып, “Таза аймақ” Экоакцияға белсенді қатысты.
Сенбілікке 3000-ға жуық адам мен 18 техника қатысып, 56 тоннаға жуық қоқыс шығарылды. 215 көше бойлары тазартылып, 300-ден астам ағашт отырғызылды. Сондай-ақ, 5250 тал ақталып, саябақтар ретке келтірілді.
Сонымен қатар, елді мекен ішіндегі 10 шақырымнан жол бойы тазаланып,мекеме ауларына әртүрлі гүл көшеттері отырғызылды.
«AMANAT» партиясы Шардара аудандық филиалы
ШАРДАРАЛЫҚТАР ЭКОАКЦИЯНЫ ҚОЛДАП, ЖАППАЙ СЕНБІЛІК ЖАСАДЫ

Comments