ӘлеуметҚоғам

ЖАЛҒЫЗІЛІКТІ ҚАРТТАРДЫҢ АУЛАСЫНДА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

1мамыр күні жалпыхалықтық тазалық шарасына орай, «AMANAT» партиясы «Жастар Рухы» қанаттынан құрылған ерікті жастары, аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің мамандары жалғызілікті қарттардың ауласында абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары мен ағаштарды қырқу, бұтау, қоршауларды реттеу жұмыстарын жүргізіп қайтты.
Айта кететін, Мемлекет басшысының тапсырмасымен республика бойынша «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы бес аптаға созылады. Әр аптаның өзіндік тақырыбы мен нақты мақсаты болмақ.
«Таза өлке». Бірінші аптада елді мекендердің тұрғындары, қоғам қайраткерлері, ұйымдардың қызметкерлері өз аумағындағы аулаларды тазалайды.
«Киелі мекен». Екінші апта тарихи-мәдени ескерткіштердің аумағын абаттандыруға арналады.
«Жасыл аймақ». Үшінші аптада көшет отырғызу, ағаштарды әктеу жұмыстары жүргізіледі.
«Өнегелі ұрпақ». Акцияның төртінші аптасында ардагерлердің аулалары мен қарттар үйінің аумағын тазалау, абаттандыру көзделеді.
«Мөлдір бұлақ». Акцияның қорытынды, бесінші аптасында өзендер мен көлдер қоқыстан тазартылады.

ТҮРКІСТАН-КЕЛЕС: «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ «ӨНЕГЕЛІ ҰРПАҚ» АПТАЛЫҒЫ.

Алдыңғы

КӨШПЕЛІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *