ӘлеуметҚоғам

ҚАРТТАРЫМ — ҚАЗЫНАМ (-2-)

Ардагерлердің үйіне барып көмек көрсетілді.
Ортамызда жүрген қарияларымыздың бір кезде елі, халқы, келешек ұрпағы үшін жасаған игі істері ерекше орын алады. Қазіргі кезде біздің мемлекетімізде қарттарға үлкен мән беріп, көңіл аударып, жан- жақты үкімет тарапынан қамқорлық жасалуда. Қазақстанның өсіп- өркендеуіне, еліміздің бейбітшілік тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымыздың арқасы деп есептейміз. Міне, енді қарттар саналы ғұмырларын Отан деп, тынымсыз еңбектерімен мемлекетіміздің негізін салуға жол ашқан алдыңғы буын ата- әжелеріміз. Олардың өмір жолдары бүгінгі ұрпаққа табылмас қазына.
«Ардагерлерді ардақтайық», «Кедергісіз келешек», «Халыққа көмек» партиялық жобалар аясында Жеңіс күні құрметіне бірлескен
«AMANAT» партиясы Төлеби аудандық филиалымен «Ленгір қалалық емханасы» ШЖҚ МКК қызметкерлері, атап айтқанда терапевт, эндокринолог, невропатолог дәрігерлері, психолог, әлеуметтік қызметкер және Салауатты өмір салтын насихаттау бөлмесінің қызметкерлері қаламыздың қозғалысы шектеулі ардагерлері мен оларға теңестірілген тұлғалар және еңбек майданының еңбеккерлерінің үйлеріне барып медициналық профилактикалық тексеру жүргізді. Қарт ардагерлердің қандағы қант мөлшері мен холестерин, күретамырлы қысымды тексерді, ЭКГ жасады, барлық қажетті талдаулар алынды.
Сонымен қатар, емхана әлеуметтік көмек көрсетуді ұйымдастырып, ардагерлерге мерекелік пакеттер тапсырды. Сондай-ақ, үй жағдайында медициналық тексеру жүргізді, әңгімелесу барысында ардагерлердің қойған сұрақтарына жауап беріп, денсаулық күтіміне байланысты ұсыныстар айтылды. Ардагерлер «AMANAT» партиясы Төлеби аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Қансейітов Қуанышбек
Үсіпәліұлына, қалалық емхан басшысының орынбасары Қабылбеков Ғалым Көпбайұлына және медицина қызметкерлеріне көрсеткен қамқорлығы мен қолдауы үшін алғыстарын білдірді.

ҚАРТТАРЫМ — ҚАЗЫНАМ (-1-)

Алдыңғы

ТҮРКІСТАН-КЕЛЕС: «АРДАГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ»

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *