ӘлеуметҚоғам

АРДАГЕРЛЕРІМІЗ – АРДАҚТЫЛАРЫМЫЗ

«Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясындағы ҰОС ардагерлеріне құрмет көрсету шаралары бүгін Кентау қаласында жалғасын тапты. «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы Атқарушы хатшысының орынбасары, облыстық мәслихат депутаты Қалыйма Жантөреева Кентау қаласындағы соғыс ардагері Түребеков Бадан ақсақалдың үйіне барып, қарияны Жеңіс күнімен құттықтап қайтты. Ғасыр жасаған қарттың иығына шапан жауып, бізге ашық аспан, бей¬біт өмір сыйлаған ардагерлеріміздің есімдерін ешқа¬шан ұмытпайтынымызды айтты.
Майдангер қария Бадан Түребеков әскер қатарына 1944 жылы алынып, Одердегі ұрысқа, Подстамды босатуға, Берлин қаласын қоршауға қатысқан. Соғыстан соң 1948 жылы Норвегияның шекарасында болып, елге 1950 жылы оралады. Соғыс ардагері майданда ерлік көрсетіп елге келген соң да Ащысайдағы шахтада еңбек еткен. Талай жыл ауыл шаруашылығы жұмыстарын қалпына келтіруге атсалысқан. Елеулі еңбегі еленіп, «Құрмет белгісі» орденімен марапатталған құрметті жан.
Айта кетейік, екінші дүниежүзілік соғысқа кезінде Түркістан облысынан 140 мыңнан астам азамат аттанған екен. Зұлматтан аман қалып, елге оралған 70 мың сарбаздың 51-і Кеңес Одағының Батыры, біреуі Халық Қаһарманы және 8-і «Даңқ» орденінің толық кавалері атағын алған. Бүгінде облыстағы Ұлы Жеңіске үлес қосқан 3 654 ардагердің 11-і майдангер. Бадан қария сол 11-дің 1-еуі.
«Қарттарға қамқорлық көрсету – біз¬дің ортақ парызымыз. Оларға қолдау білдіру әрқа¬шан «AMANAT» партиясының басты назарында болады. Өзім сайланған Кентау қаласындағы көзі тірі қалған жалғыз соғыс ардагеріне жыл сайын кіріп, құттықтап шығуды үрдіске айналдырғанмын. Хал сұрасып, көңіл-күй сыйлап, өзіміздің азаматтық ұстанымымызды көрсетіп қайттық. Ардагерлеріміз аман болсын, келер жылы да жеңіс күнін тойлау бұйырсын, деген тілегімізді білдірдік»-дейді Қалыйма Жантөреқызы.
Бұл күні партияластарымыз және Кентау қалалық «Жастар рухы» жастар қанатының белсенділері де соғыс ардагерінің үйінде болып, ауласын тазартып, сырлау-әктеу жұмыстарымен қолғабыс жасап жатыр.
«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі

БАТЫРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Алдыңғы

ҚАРТТАРЫМ — ҚАЗЫНАМ (-1-)

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *