ӘлеуметҚоғам

ҒАСЫР ЖАСАҒАН СОҒЫС АРДАГЕРІ ҮЙІНІҢ АУЛАСЫ ТАЗАЛАНДЫ

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында «Өнегелі ұрпақ» апталығына орай Сарыағаш аудандық «AМАNAT» партиясының төрағасы Құдірет Қыстаубаев және Сарыағаш аудандық “Жастар ресурстық орталығы” КММ басшысы, аудандық “Жастар Рухы” жастар қанатының бөлімше жетекшісі Нұрғали Отаровтың бастамасымен ауданның белсенді жастары, рухтастар Сарыағаш қаласының тұрғыны, ҰОС ардагері Ишқонов Эрмохон ақсақалдың үйіне барып, ауланы қоқыстардан тазалау жұмыстарын жүргізді. Ардагер атай жастарға жауынгер кезіндегі естеліктерді, мйадандас достары жайлы әңгімелеп берді. Қамқорлық көрсетіп жатқан аманаттық азаматтарға, жастарға өз ризашылығын білдіріп, ақ батасын берді.
Ұлы отан соғысының ардагері Ишқонов Эрмохон ақсақал 1923 жылы 1 қаңтарда Ташкент облысы, Калинин ауданында дүниеге келген. 1942 жылы 5 мамырда әскер қатарына шақыртылып, соғысқа аттанған. 1945 жылдың аяғында, аяғынан жарақат алып, денсаулығына байланысты Ташкент облысына қайтарылып, 1946 жылы 13 ақпанда Қырғызстандағы авиациялық бөлімге жіберілген. 1948 жылы әскери қызметін аяқтаған. I дәрежелі «Отан соғысы», «КСРО Гвардиясы», «Мінсіз қызметі үшін», «Ерлігі үшін» т.б медальдармен марапатталған. Ардагердің ерлігі ұрпаққа үлгі, жастарға рух береді.
Айта кетейік, Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асып жатқан «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясындағы «Өнегелі ұрпақ» апталығы өңіріміздің басқа аймақтарында да жалғасын тауып жатыр. «Жастар Рухы» жастар қанаты Сайрам аудандық филиалының бастамасымен сайрамдық жастар Қарасу ауылының тұрғыны, жалғызілікті қарт Ан Декабрина әжейдің үйіне барып, ауласындағы қураған ағаштарды шауып, оны бұтап, арам шөптерін орып, тазалық жұмыстарын жүргізіп қайтты.
«AМАNAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі

ҚАЗЫҒҰРТТА АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН ГАЗ ТАРАТУ СТАНЦИЯСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Алдыңғы

БАТЫРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *