ӘлеуметҚоғамСпорт

КОЛЛЕДЖ ПЕДАГОГТАРЫ МЕН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ АРАСЫНДА СПАРТАКИАДА ӨТТІ

Ағымдағы жылдың 3 — 4 мамыр күндері Түркістан облысы, Сайрам ауданы, Қарабұлақ елді мекенінде орналасқан Д.Қонаев атындағы аграрлық- техникалық колледжінің базасында облыстық білім бақармасы мен «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы» Түркістан облыстық филиалының ұйымдастыруымен «Қиындықта ел бірге, күшіміз бірлікте» атты ұранмен Түркістан облысының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтары мен қызметкерлері арасында спартакиада өтті.
Жалпы спорттық ойынның 5 түрінен өткен спорттық додаға 25 кәсіптік техникалық ұйымдардан 500 жуық педагогтары мен қызметкерлері қатысты, Байрақты бәсекеде жарыс қатысушылары тоғызқұмалақ, шағын футбол, арқан тарту, үстел теннисі, волейбол сынды спорт түрлерінен өзара мықтыны анықтады.
Шараның мақсаты салауатты өмір салты ұстанымдарын насихаттау, жастарға үлгі көрсетіп, тәлім-тәрбие беру және спартакиада қорына түскен 2 миллионға жуық қаржыны су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға гумманитарлық көмек ретінде жіберу болды.
Барлық командалар жарысқа жақсы дайындықпен келіп, жарыс өте қызықты әрі тартысты өтті. Спартакиада барысында әр ойыншы өзінің шеберлігін танытып, спортқа деген қызығушылығын көрсете білді.
Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаз командаларға бағалы сыйлықтар мен дипломдар табыс етілді.

ЕРЛІКПЕН, ЕҢБЕКПЕН ӨРІЛГЕН ӨНЕГЕЛІ ӨМІР (-2-)

Алдыңғы

ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *