Бүгін AMANAT партиясының Түркістан-Қызылорда облыстары бойынша өңіраралық заң консультанттары палатасының заң консультанты Сарсенбаев Шаукат Анарметұлы азаматтарды арыз-өтініштері бойынша жеке қоғамдық қабылдау өткізді. Қабылдауға 2 тұрғын жазылып, үй құжаттарын рәсімдеу мәселесі бойынша өз өтінішін білдірді.
Қабылдауға келген азаматтарға Түркістан-Қызылорда облыстары бойынша өңіраралық заң консультанттары палатасының заң консультанты Сарсенбаев Шаукат Анарметұлы заң талаптарына сәйкес тиісті жауаптарын беріп, бірқатар мәселелер бойынша сауалдар жолдайтынын түсіндіріп, өз бақылауына алатынын жеткізді.
«Құқықтық көмек» партиялық жоба аясында қоғамдық қабылдау жұмыстары жүргізілуде.

Comments