ӘлеуметҚоғам

СПОРТ КЕШЕНІ КЕРЕК (-2-)

Ауыл тұрғындары осы мәселенің оңтайлы шешілуіне ықпал етуді өтінді. Алатаулықтардың аманатын айтуға келген Әбдіқұл Ержепов, Өмірбай Қарашаев сияқты он шақты ақсақалдың көшін 90 жастағы Мейірбек Байтасов бастап келіп, бір-бірінің сөзін жарасымды жалғаған, бірліктерін білдірген келелі әңгіме қозғады.
Жиын барысында айтылған басқа да мәселелер алдағы уақытта зерттеп-зерделенетін болды. Айталық Екпінді ауылының тұрғыны Бижан Сәуірбаев Төлепбек Назарбеков атындағы орта мектебінің жөндеуден өтуін жарты жолда қалмай толық бітуін жіті қадағалауды сұранды. Ал Мәкен Тастанов Шатыртөбе ауылының тұрғындары атынан жер бөлуде жең ұшынан жалғасқан әділетсіздіктерге жол берілгенін, жайылым тапшылығын ашынып баяндады. Ермекбай Тәженов Қайнар ауылындағы су мәселесі және жарық берудің жанайқайын жеткізді.
Көшпелі қоғамдық қабылдауға Төле би ауданы әкімдігінің бөлім басшылары мен Алатау ауылдық округінің әкімі қатысты.

СПОРТ КЕШЕНІ КЕРЕК (-1-)

Алдыңғы

ФРАКЦИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *