ӘлеуметҚоғам

КӘСІП БОЛМАЙ, НӘСІП БОЛМАС (-4-)

Пробация есебінде тұрған және бас бостандығынан айыру мекемесінен босатылған 4 азаматты бекітілген квотаға сәйкес жұмыспен қамту жоспарланып, 4 азамат (100%) «Ленгір су» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны, «Ленгір тазалық» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, «Балмұздақ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «Фуд Мастер Шымкент» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мекемелеріне жұмысқа орналасты.
Арнайы бекітілген квотаға сәйкес мүгедектігі бар 2 азаматты жұмыстарға жолдау жоспарланып, 1 азамат (50%) «Жасмин» бөбекжай балабақшасына жұмысқа орналасты.
Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 3 азаматты жұмыстарға орналастыру жоспарланған.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың жыл сайын «әрбір 10 мың тұрғынға 100 жаңа жұмыс орнын ашу» бойынша берілген тапсырмасына сәйкес, ауданда 1370 жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарланып, 1623 (118,4%) жаңа жұмыс орындары ашылды.
«Ұлттық жоба аясында электронды еңбек нарығы арқылы жаңа жұмыс орныдарын ашу» бойынша белгіленген 28 жобадағы ашылған жаңа жұмыс орындарына жұмыссыз 382 азаматты жолдау жоспарланып, 251 (65,7%) азамат жолданды.
Жиынға қатысушы фракция мүшелері баяндамашыларға сұрақтар қойып, ұсынылған барлық мәселелер толықтай қаралып, тиісті қаулы қабылданды.
Төлеби аудандық филиалы

КӘСІП БОЛМАЙ, НӘСІП БОЛМАС (-3-)

Алдыңғы

Шымкентте республикалық ғылыми-әдістемелік конференция өтті

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *