Құрметті Төлеби ауданының тұрғындары!
Сіздерді «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында қаржылық сауаттылық бойынша оқуға шақыруға қуаныштымыз.
Жобаны Қазақстан Республикасының Үкіметі «AMANAT» партиясымен бірлесіп іске асыруда. Өткен жылы еліміздің сегіз өңірінде 65 000 адам оқудан өтсе, ал Төлеби ауданында 766 адам оқудан өтіп,сертификаттарын алды. Біз жоба қатысушыларының жоғары бағасын алдық!
Халықты оқыту 2024 жылдың 5 ақпанында басталды. Өтінімді тіркелген жері бойынша ауылдық әкімдікке немесе «AMANAT» партиясының кеңселеріне хабарласу арқылы беруге болады.
Оқыту бес күнге созылады. Осы уақыт ішінде отбасылық бюджетті жүргізуді, шығындарыңызды басқаруды, несиелік қарыздарды мерзімінен бұрын өтеу бойынша ұсыныстар алуды, өзіңізге тиімді шарттармен несие таңдауды үйренуді, депозиттердің әртүрлі шарттарымен танысуды, ірі сатып алуларды жоспарлауды үйренуді және т.б.керекті тиімді ақпараттарды ала аласыздар.
Сондай-ақ оқыту шеңберінде қаржы сарапшылары жеке консультациялар өткізетін болады, ал қатысушылардың қалауы бойынша өз бизнесін ашу үшін мемлекеттік гранттық және кредиттік бағдарламаларға бизнес-жоспар жазуға көмектеседі. Жоба аясында сіз білікті заң көмегін ала аласыз.
Оқыту толығымен тегін.
«AMANAT» партиясы Төлеби аудандық филиалы.
Байланыс тел. +77029930176
Comments