ӘлеуметҚоғам

АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ЖЕКЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ

Бүгін, «АМАNAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Үмбеталиев Алтынсары Дүйсенбекұлы, «АМАNAТ» партиясы Сайрам аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде аудан тұрғындарының жеке мәселелері бойынша қоғамдық қабылдау өткізді.
Қабылдауға, Қайнарбұлақ а/о, Қасымбек Датқа ауылының тұрғыны Уәш Бөрібекұлы, ауылда мәдениет үй болмағандықтан, мәдениет үй салу үшін қаржы қарастырып беруін сұрады. Бұл бойынша, алдағы уақытта Түркістан облысы мәслихатының сессиясында мәселе қаралатын болды.
Келесі қабылдауға Манкент ауылының тұрғыны Файзулла Хожамкулов, Манкент ауылдық округіне қарасты 600 орынға арналған Айнабұлақ мектебінің құрылысы бүгінгі таңда, қаржыға байланысты құрылыс жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізілмей тұрғанын жеткізді.
Осыған орай, қаржы мәселесін облыс көлемінде қарастырып, мәселені шешіп беруге көмек сұрады. Аталған мәселе бойынша, алдағы уақытта тапсырыс беруші мекемемен мән-жайларын анықтап, жауап берілетіндігін жеткізді.
Келесі қабылдауға, Қайнарбұлақ ауылдық округінің тұрғыны Ағайбек Датқаев, Қасымбек Датқа ауылы арқылы өтетін «Шымкент-Шаян» бағытындағы облыстық маңызы бар автожолының «Батыс Қытай Батыс Европа» магистралды автожол қиылсындағы жол бөлігі ойылып түскендігін жеткізді, жолды өз қалпына келтіру үшін көмек сұрады.
Бұл мәселе бойынша Түркістан облыстық жолаушылар және автомобиль жолдары басқармасына арнайы хат жолданатынын түсіндірді.

ЭТНОС ӨКІЛДЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Алдыңғы

ДЕНСАУЛЫҚ — БАЙЛЫҚТАН ҚЫМБАТ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *