Бүгін, «АМАNАТ» партиясы Сайрам аудандық филиалы қоғамдық қабылдау бөлмесінде, Түркістан облыстық мәслихатының депутаты, фракция мүшесі Сайдирасулхон Ералиев, аудандық мәслихат депутаты, фракция жетекшісі Бекжан Алимжанов аудан тұрғындарының жеке мәселелері бойынша қоғамдық қабылдау өткізді.
Қабылдауда тұрғындар тарапынан, атаулы әлеуметтік көмекке қатысты, алимент өндіру, күл-қоқыстар, жер мәселесі, ағын суға арналған арықтарға қатысты мәселелер көтерілді.
Сала мамандар қабылдау барысында, тұрғындардың арыз-өтініштері, ұсыныстары бойынша заңгерлік кеңестер беріп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Арнайы қабылдауға, Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Акмалжан Абдихалықұлы, аудандық мәслихат депутаттары, фракция мүшелері Ержан Асқаров, Абзал Қазанқапов, жеке сот орындаушылары, заңгерлер, ауылдық округ әкімдері, жер қатынастар бөлімі және тағы басқа мекеме басшылары қатысты.
Тұрғындардың мәселелері толық қаралып, сала мамандар тарапынан шешу жолдары қарастырылды.
Comments