Түркістан облыстық маңызы бар КХ-3 «Көксәйек-Ақсу-Шаян-Мыңбұлақ» автомобиль жолының 33,8 шақырымы (Рубин мен М-32 Республикалық маңызы бар автомобиль жолы аралығы, SINOOIL АЖБ аумағы) күрделі жөндеуді қажет ететін мәселелері көтерілген.
«АМАNAT» партиясы Сайрам аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Қуаныш Адырбекұлы және ПБК төрағасы Акмалжан Абдихалықұлы күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан жол құрылысына барды.
Инфрақұрылымдық жұмыстарды аралау барысында, Сайрам ауданы әкімі Арман Сабитов, ПБК мүшелері, дербес бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері, тиісті мамандар және ауыл тұрғындарымен бірге, ені 7 метрді құрайтын жолдың көлемін алдағы уақытта 12 метрге ұзарту кеңейту мәселесі талқыланды. Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан мемлекеттік сараптама мен жобалық-сметалық құжаттар әзірленіп, жол құрылысы жұмыстарын жүргізуге мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізілген болатын.
Нәтіжесінде мердігер мекеме ретінде «Береке-А» ЖШС анықталып, бүгінгі таңда жолдарға асфальт жабындыларын төсеу үшін дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жолдың уақытша жабылуына байланысты, бүгінде аудан тұрғындары көлік кептелісін болдырмау мақсатында Ақсукент ауылы, Жібек Жолы, Ы.Иманалиев және Экспедиция аумағындағы жолдармен қозғалуда.
Жауапты мекеме басшыларына атқарылып жатқан құрылыс жұмыстарына сапалы және уақытылы жүргізуге бір-қатар ұсыныстар айтылды.
Comments