Конференция жұмысын Сайрам аудандық партия филиалының Атқарушы хатшысы Сыздықов Қуаныш Адырбекұлы ашып, жүргізді.
Конференцияға бастауыш партия ұйымдарынан сайланған 60 делегат, аудандық мәслихаттың депутаттары, дербес бөлім басшылары, ауыл округі әкімдері, партия ардагерлері мен «Jastar Ruhy» жастар қанатының мүшелері қатысты.
Күн тәртібінде 19.05.2024 жылы өтетін Қарасу ауылдық округі әкімінің сайлауына партия атынан ұсынылатын кандидатты бекіту мәселесі қаралды.
Конференция делегаттарының ашық дауыс беру нәтижесінде «AMANAT» партиясынан Сайрам ауданы, Қарасу ауылдық округі әкіміне кандидат болып Бөрібеков Әбдіманат Нұрсейітұлы аудандық аумақтық сайлау комиссиясына ұсынылды.
Конференция сайлауалды бағдарламаның аясында атқарылатын жұмыстар мерзімінде орындалуын нақтылаумен қорытындыланды.
«AMANAT» партиясы Сайрам аудандық филиалы
Comments