«АМАNAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы, облыстық мәслихатының депутаты Алтынсары Үмбеталиев Сайрам ауданына іс-сапармен келді.
Күн тәртібінде, Қарабұлақ және Көлкент Бастауыш партия ұйымдарының төрағалары Ұлықбек Баялиев және Нематжон Атаниязовтардың 2023 жылдың 12 ай ішіндегі және 2024 жылдың 1-ші тоқсанына дейін атқарылған жұмыстарының есептерін тыңдады.
Бірінші болып, Қарабұлақ БПҰ төрағасы бөлмесінің тыныс-тіршілігімен танысып, № 4 Мектеп Гимназиясының мәжіліс залында Қарабұлақ ауылдық округінің тұрғындарымен, партия мүшелерімен кездесті.
Кездесу барысында, «Қарабұлақ» БПҰ төрағасы Ұлықбек Баялиевтың атқарылған жұмыстарының есептері тыңдалды.
Сондай-ақ, Партия төрағасы Алтынсары Үмбеталиев бүгінгі таңда Түркістан облысының халқы оның ішінде «АМАNAT» партиясы төтенше жағдайға байланысты, орын алып жатқан облыстарымызға гуманитарлық көмектер көрсетіп жатқанын айтып өтті. Одан бөлек, партияның алдағы уақытта атқаратын міндеттеріне де тоқталып өтті.
Екінші кездесуі, Көлкент ауылдық округінің тұрғындары, партия белсенділерімен Кемел Тоқаев атындағы мектебінің мәжіліс залында кездесуі жалғасты.
Атап айтсақ, Мектептің жаңа заманауі техникалық базасымен, мектеп ұстаздарының қол өнерлерімен де танысып өтті. Оған қоса, «Таза Қазақстан» акциясы аясында, мектептің алаңына көгаландыру жұмыстарына да көңіл бөліп, жасыл шырша, ағаштар отырғызу іс-шарасына қатысты.
Көлкент БПҰ төрағасы Нематжон Атаниязовтың атқарылған жұмыстарының есептері тыңдалды.
Кездесуге арнайы, Сайрам ауданы әкімінің орынбасары Мадияр Алипов, Қарабұлақ ауылдық округі әкімінің орынбасары Дилмурат Усманов, аудандық мәслихат депутаттары, фракция мүшелері Мухиддин Сиддиков, Ғанишер Раймкулов, ауыл ақсақалдары, ауыл билері, партия белсенділері, Жастар Рухы мүшелері, ауыл тұрғындары және БАҚ өкілдері қатысты.
Партия төрағасы А.Үмбеталиев Бастауыш партия ұйымдарының төрағаларына атқарылған жұмыстарына және БПҰ төрағаларының бөлмелеріне он бағасын беріп, партияластарды бірлесе жұмыс атқаруға шақырды.
Comments