Бүгін «AMANAT» партиясы Сайрам аудандық филиалының атқарушы хатшысы Сыздықов Қуаныш Адырбекұлы облыстық және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарына, яғни Түркістан облыстық Жанубий Қозоғистон қоғамдық саяси редакциясының директоры бас редакторы Алибаев Раимжан, Түркістан облыстық Жанубий Қозоғистон қоғамдық саяси редакциясының журналисті Муминжанов Зокиржон, «Сайрам аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ оқу залының кітапханашысы Ақылбаева Бақыт, Сайрам аудандық Мәртөбе, Пульс Сайрама, Сайрам Садоси газеттерінің тілшісі Салтанат Абылбековамен бірге 2023 жылдың қорытындысы мен 2024 жылдың І-тоқсанында атқарылған жұмыстар бойынша брифинг өткізді.
Брифингте Қуаныш Адырбекұлы ауданда 7937 партия мүшесін біріктіретін 11 бастауыш партия жұмыс жасайтынын жеткізді. 2023 жылы партия қатарына 324 адам қабылданып, ал 2024 жылдың 1 тоқсанында партия қатарына 49 адам қабылданғанын мәлімдеді.
2023 жылы Қоғамдық қабылдау бөлмелеріне 555 арыз-өтініш келіп түссе, оның 454-і (81,8%) – оң шешімін тауып, 101-не (18,2%) заң аясында кеңестер беріліп, ал биылғы 2024 жылдың 1 тоқсанында 140 арыз-өтініш келіп түссе, оның 112-сі (80%) – оң шешімін тауып, 28-не (20%) заң аясында кеңестер берілді.
Арыз-өтініштер негізінен атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаждық бойынша, тұрғын үйге, сондай –ақ жер телімдеріне мұқтаждық, тұрғын үй-коммуналдық мәселелері, тұрақты жұмысқа орналасу, денсаулық сақтау, кіші және орта кәсіпкерлікті қолдау, несиелендіру мәселелері бойынша келіп түсетінін мәлімдеді.
Жалпы былтырғы жылғы бұқаралық ақпарат құралдарында 70 материал, әлеуметтік желілерде 2700-ден аса посттар жарияланды. 2024 жылы бұқаралық ақпарат құралдарында 15 материал, әлеуметтік желілерде 150-ден аса посттар жарияланды…
Comments