Түркістан облысы, Сайрам ауданы, Қарасу ауылдық округінің тұрғындары, ауыл билері, еріктілер, кәсіпкерлер, белсенді жастар және ауыл ақсақалдары батыстағы бауырларымызға азық-түлік, киім-кешектер, дәрі-дәрмектер, көрпе-төсектер, гигиеналық заттар және т.б заттарды жинақтап, күні кеше «АМАNАТ» партиясы Сайрам аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Қуаныш Адырбекұлы және аудан бас имамы Арыстан Оразәліұлы тұрғындармен жүздесіп, батысқа қарай жол жүріп бара жатқан қоғам белсенділерге ақ батасын берді.
Батыстағы орын алып жатқан төтенше жағдайларға байланысты, «АМАNAT» партиясы Сайрам аудандық филиалы тарапынан, аудандық мәслихатының депутаты, «Қарасу» БПҰ төрағасы Ержан Асқаров батыстағы жағдайлармен танысып, қандай да көмектер қажет ететіндігін біліп қайтуға жөн көріп, батысқа қарай жолға шықты.
Одан бөлек, Түркістан облыстық және Сайрам аудандық «Түрік» этномәдени бірлестігі, Сайрам ауданының құрметті азаматы Яша Чилингаров, Салман Сафаров, партия белсендісі Хусеин Пазаев, кәсіпкер Ибрагим Гочияевтар тарапынан, азық-түлік, киім-кешектер және қажетті заттарды батысқа қарай жолдады.
Сондай-ақ, Атамекен Түркістан облысының кәсіпкерлері тарапынан да, ахуалға байланысты тиісті көмектер көрсетті.
Comments