Кеңес отырысын облыстық кеңес төрағасы Б.Жылқышиев ашып, жүргізіп отырды.
Жиынға кеңес төрағасы және мүшелері, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті Превенция басқармасының басшысы Н.Құдайбергенов, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Түркістан облысы бойынша департамент басшысының бірінші орынбасары Н.Арынбаев, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің Превенция басқармасының аса маңызды істері жөніндегі офицері Ғ.Құлманов, басқарма басшылары және БАҚ өкілдері қатысты.
Күн тәртібіндегі негізгі мәселе «Түркістан облысының сәулет және қала құрылысы қатынастары мен бақылау басқармаларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдарды жүзеге асыру бойынша есебі» жөнінде облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Н.Букебаев және облыстық бақылау басқармасының басшысы А.Исмаилов баяндама жасады.
Бұл мәселені талқылау барысында Түркістан облыстық Қоғамдық кеңесінің сыбайлас жемқорлық көрінісіне қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссиясы төрағасы У.Қайназаров екі басқармаға қатысты мәселелерге тоқталып, жіберілген кемшіліктерге назар аударып, бірқатар ұсынымдар мен ұсыныстар берді.
«2023 жылғы облыстық бюджеттің атқарылуы жөнінде қаржы және мемлекеттік активтер басқармасының жылдық есебі» бойынша Түркістан облыстық қаржы және мемлекеттік активтер басқармасының басшысы Қ.Елібаевтың есебі тыңдалды. Тыңдау барысында кеңес мүшелерінен облыста қай салада қаржы игерілмеді, оның себептері туралы сұрақтар қойылды…
Comments