ӘлеуметҚоғам

БІРЛІГІ БАР ЕЛ ОЗАДЫ

Қазақстанның мемлекеттік мерекелер тізілімінде 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мейрамы айрықша маңызға ие жалпыхалықтық атаулы күндердің бірі. Мамырдың осы мамыражай мерекесін Мемлекет басшымыз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев еліміздің тұтастығы мен ырыс ынтымағының символына теңеді.
Сөз қадірін бағалай білген қазақта «Бірлігі бар ел – бақытты ел» деген бағзыдан келе жатқан ұғым бар. «Бақыт қайда барасың? Көршімен болған бірлігі, тағат-ғибадат тірлігі, ұйымшыл елге барамын!» деген мағынасы астарлы сөз де бұрыңғылардан қалған.
Татулық тұғыры – тұрақтылық дейтін дәстүрді жалғауда партияластарымыз Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясымен бірлесе қоғамдық қатынастардың орнықты болуына, өңірде этносаралық келісім үйлесімділігін қамтуда, азаматтар арасында толеранттылық құндылықтарын ілгерілетуде, бейбітшілік пен келісім саясатын жүргізуде іргелі істерді атқарып келеді.
Партия айқындаған басымдықтарды ілгерілетуде өңірдегі 11 этномәдени бірлестіктермен, олардың аудан, қалалардағы 7 филиалы және 14 өкілдіктерімен ынтымақтастық байланыстар орнықтырған. Биыл еліміздің батыс өңірлерінде болып жатқан табиғи апат туралы хабарды облыс жұртшылығы зор күйзеліспен қарсы алып, қиындықта қалған ағайынға қол ұшын беруге асық болды. Аудан, қалаларда гуманитарлық көмек жинау бекеттері ашылып, су астында қалған аймақтарға халық жанашырлығымен жиналған көмек керуендері бірінен соң бірі жөнелтілуде. Халықтың күші – бірлікте екеніне тағы да куә болып отырмыз.
«Бақ бағалағанның басында тұрады» деп білетін халықтың ұрпағы ретінде ішкі бірлігімізді сақтау – бабалар алдындағы қасиетті борыш, келешек ұрпақ алдындағы зор аманат екенін ұғамыз. Тыныш елде тоқшылық болатынын әйгілі Күлтегін бабамыз айтқан. Бабалар өсиетіне ой жүгіртіп, ынтымағымызды ыдыратпай, алдыңғы буынның бақыты үшін қажыр-қайратымызбен еңбек етеміз деген сенімдемін. Барша ағайынды берекелі бірлікті көздің қарашығындай қорғап, татулық пен ынтымақ жолын жалғауға үлес қосуға шақырамын. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
Алтынсары Дүйсенбекұлы Үмбетәлиев,
“AMANAT” партиясы Түркістан облыстық филиалының төрғасы, облыстық мәслихат депутаты

ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ЖҮРГІЗІЛДІ

Алдыңғы

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ Қ.К.ТОҚАЕВ: ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ БІРЛІГІ КҮНІ-ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БІРЛІГІНІҢ АЙҚЫН БЕЙНЕСІ,БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ,ТҰРАҚТЫЛЫҚ ИДЕЯЛАРЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРАТЫН МАҢЫЗДЫ МЕРЕКЕ! (-1-)

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *