ӘлеуметҚоғам

ҚР Кәсіподақтар федерациясы «Жасыл аймақ» шарасын қолдады

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық науқаны аясында «Жасыл аймақ» апталығына атсалысты.
27 сәуірде ҚРКФ төрағасы Сатыбалды Дәулеталин бастаған Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы аппаратының қызметкерлері «Көктал-1» тұрғын үй кешенінің маңында орналасқан «Көктал» саябағының аумағына жас ағаштардың көшеттерін отырғызып, бас қаланы абаттандыруға өз үлесін қосты.
«Бүгін бүкіл елімізде кеңінен қолдау тапқан «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Астанада маңызды шара өтуде. Кәсіподақтар федерациясы және оның түрлі салалардағы, өңірлердегі мүшелік ұйымдары азаматтарымыздың өмірі мен демалысы үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында бар күш-жігерін салып, осы бастаманы алғашқылардың бірі болып қолдады. Федерация жариялаған «Лайықты еңбек» жылында кәсіподақтардың жарқын болашақ құруға деген ниеті әлеуметтік-еңбек саласында ғана емес, сонымен бірге экологиялық мәдениеттің деңгейін көтеруге деген ұмтылысынан көрінеді. Бүгінгі таңда ағаш отырғызу барлық қазақстандықтарды таза және салауатты орта қалыптастыруға, табиғат пен болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілікті сезінуге шақырады», — деп атап өтті ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин.
Кәсіподақ ұжымы шахарды абаттандыру ісіне білек сыбана кірісіп, ауызбіршілігі мен корпоративтік рухын тағы бір мәрте айғақтады.
ҚР Кәсіподақтар Федерациясының медиа орталығы

«ЖАСЫЛ АЙМАҚ» ЭКОАКЦИЯ АЯСЫНДА МЕКТЕП ЕРІКТІЛЕРІ БЕЛСЕНДІЛІК ТАНЫТУДА

Алдыңғы

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ ТҰРҒЫНДАРМЕН БІРГЕ «ЖІБЕК ЖОЛЫ» САЯБАҒЫНА КӨШЕТ ОТЫРҒЫЗДЫ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *