ӘлеуметҚоғам

ТҮЛКІБАС ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ТАЛАП-ТІЛЕГІ ТЫҢДАЛДЫ (-2-)

Түркістан облысы әкімдігінің құрылымдары санатында облыстық бақылау жөніндегі басқармасының, облыстық дене шынықтыру және спорт, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар, денсаулық сақтау, ветеринария, жер қатынастары, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу, кәсіпкерлік және сауда, мәдениет және туризм, сәулет және қала құрылысы, ауыл шаруашылығы, білім, құрылыс, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, цифрландыруды дамыту, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармаларының жауапты қызметкерлері тұрғындардың өтінішіне құлақ түрді. «Тұран су», «Оңтүстік жарық», заң кеңсесінің қызметшілері мен Түлкібас аудандық мәслихатының депутаттары азаматтардың базынасын зерделеді.
Түлкібастық тұрғындар көтерген мәселелер сан саланы қамтыды. Егістік алқаптарға су жеткізу, ерекше қажеттілігі бар азаматтарды медициналық сараптамадан өткізу мәселелері, жайылымдық жерлердің көлемін ұлғайту, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімдерін бөлу, орман шаруашылығына жататын жерлерде мал жаюға рұқсат беру, даулы жер мәселелері бойынша құқықтық баға беруге көмек көрсету, жол ережесін бұзу деректері бойынша салынған айыппұлдар көлемін төмендетуге жәрдем көрсету, жол салу, қолданыстағы автомобиль жолдарын, көпірлерді жөндеу мәселелері көтерілді.
Жабағылы ауылдық округіне қарасты Абайыл елді мекенінің тұрғындары ұялы байланыс сапасына шағымын білдірсе, Қарағашты аулының бір топ тұрғындары өздері күш біріктіріп орнатқан су өткелін жаңбырдан кейін жүрген сел шайып кеткенінін алға тартты. Көпірді бюджет есебінен салуға ықпал етуді өтінді. Орбұлақ ауылының тұрғындары республикалық дәрежедегі автодәлізде мал өткелін салып беруге өтініштерін жеткізді…

ТҮЛКІБАС ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ТАЛАП-ТІЛЕГІ ТЫҢДАЛДЫ (-1-)

Алдыңғы

ТҮЛКІБАС ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ТАЛАП-ТІЛЕГІ ТЫҢДАЛДЫ (-3-)

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *