«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының мобильді көшпелі қоғамдық қабылдауы бүгін Түлкібас ауданында жалғасты. «Құқықтық көмек» партиялық жобасын арқау еткен қоғамдық қабылдау Мичурин ауылдық округінің Майтөбе елді мекеніндегі мәдениет үйінде өтті. Партияның ұйытқы болуымен ашылған диалог алаңына әдеттегідей облыстық және аудандық деңгейдегі мемлекеттік құрылымдардың өкілдері жиналып, тұрғындар көтерген өзекті мәселелерді тыңдады, шешім табуы тиіс сұраныстарды зерделеді.
Сұраныстары мен өтініштерін арқалай келген азаматтарға көшпелі қоғамдық қабылдаудың жұмыс тәртібін партияның облыстық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Полат Тұрсынбаев түсіндіріп өтті. Тұрғындармен кері байланыс орнықтыруды көздейтін жиынға «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы, Түркістан облыстық мәлихатындағы партиялық фракция жетекшісі Алтынсары Үмбетәлиев қатысып, жергілікті әлеуметті толғандырған мәселелермен жақынан танысты. Партиялық алаңда өткен жиында Түлкібас ауданының әкімі Нұржан Ізтілеуов азаматтардың талап-тілектерін тыңдады.
Азаматтар көтерген мәселелер бойынша Түркістан облыстық прокуратурасының, Сыбайлас жемқорллықа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің, Түркістан облыстық полиция департаментінің, Түркістан облысы бойынша төтенше жағдайлар департаментінің, Түркістан облысының жер ресурстарын басқару департаментінің, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиалының, Түіркістан облыстық әділет департаментінің, Еңбек және әлеуметтік қорғау комиетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің, Түркістан облыстық жеке сот орындаушылар өңірлік палатасының, «Қазсушар» РМК Түркістан облыстық филиалының, Түркістан облыстық адвокаттар алқасының, «Сайрам-Өгем» мемлекеттік табиғи ұлттық паркі Түркістан өкілдері қабылдау жүргізді…
Comments