ӘлеуметҚоғам

ОТЫРАР АУДАНДЫҚ ПАРТИЯ ФИЛИАЛЫНДА – ЖАҢА ТӨРАҒА (-1-)

«AMANAT» партиясы Отырар аудандық филиалында кезектен тыс LIV конференция болып өтті. Конференция күн тәртібінде филиалға төраға сайлау мәселесі және өткен жылғы атқарылған жұмыстың есебі тыңдалды.
Конференция жұмысына «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Полат Тұрсынбаев, аудандық филиалдың атқарушы хатшысы Еркеғали Таңатаров, аудандық мәслихаттың төрағасы Уалихан Ұзақов, аудандық мәслихат депутаттары, БПҰ төрағалары мен ардагерлер қатысты. Алдымен сөз алған облыстық филиал атқарушы хатшысының орынбасары Полат Тұрсынбаев партия айқындаған басымдықтар мен міндеттерді түсіндіріп өтті. Партиялық қызмет саяси тұғырнама мен партияның жарғысына сүйенетінін айтты. Осы орайда, партиялық кадрларды іріктеп, тәжірибесі шыңдалған мамандарды басшылық қызметке ұсыну жүзеге асатынын түсіндіріп өтті. Осы тұрғыдан «AMANAT» партиясы Отырар аудандық филиалының төрағалығына Уалихан Жамалханұлы Ұзақовтың кандидатурасын ұсынды.
“Бүгінгі конференцияға белсенділік танытып келгендеріңіз үшін алғысымды жеткізгім келеді. Үміткеріміз біраз жылдар бойы басшылық салада қызмет еткен, тәжірибелі, іскер азамат. Партиялық жобаларымызды өз деңгейінде іске асырып келеді. Отырарлық партияластарымызбен алдағы уақытта да қоян-қолтық жұмыстарды жүзеге асыратынымызға сенемін” – деді Полат Мұратұлы.
Делегаттар ұсынылған үміткердің кандидатурасын дауыс беру арқылы қолдады. Жаңа төраға Уалихан Ұзақов өзіне жүктелген міндеттерді аса жауапкершілікпен орындайтынын жеткізіп, қолдау білдірген азаматтарға алғысын білдірді.
Атап өтейік, Ұзақов Уалихан Жамалханұлы Оңтүстік Қазақстан облысы (қазіргі Түркістан облысы), Қызылқұм ауданының Талапты ауылында 1965 жылы 1 шілдеде дүниеге келген…

ТҮРКІСТАН-КЕЛЕС: ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ЖАЛҒАСУДА

Алдыңғы

ОТЫРАР АУДАНДЫҚ ПАРТИЯ ФИЛИАЛЫНДА – ЖАҢА ТӨРАҒА (-2-)

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *