«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтарды жеке мәселелері бойынша кезекті қабылдау Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдувалиевтің қатысуымен өтті. Партиялық ақпараттық ресурстарда алдын ала жарияланған хабарлама бойынша басқарма басшысының қабылдауына келген азаматтар денсаулық сақтау жүйесіне қатысты сұраныстарын көтерді.
Азаматтардың талап-тілектерін тыңдау жиынына «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Полат Тұрсынбаев, Түркістан қалалық емханының бас дәрігері Райымбек Тасырбаев қатысты. Айтылған ұсыныстар мен оларды оңтайлы шешу бағытындағы қабылданған шараларды партияның облыстық филиалының консультанты Манат Жадақова хаттамаға енгізіп отырды.
Басқарма басшысының қабылдауына жазылған түркістандық тұрғын Карима Абдураимованың өтініші бойынша, сал ауруына шалдыққан екі перзентіне Түркістан қалалық емханасының дәрігерлері үйіне барып дәрігерлік көмек көрсететін болып шешілді. Онлайн платформа арқылы Шаян ауылынан хабарласқан Алтынай Найманбаеваның анасына мүгедектік рәсімдеу бойынша сұранысын Бәйдібек аудандық ауруханасы бақылауға алды, науқастың медициналық сараптамадан өтуіне көмек көрсетілетін болды.
Бәйдібек ауданы, Ақбастау ауылынан онлайн платформа арқылы сауал жолдаған Асан Досболаевтың анасына медициналық көмек көрсету өтініші де Бәйдібек аудандық ауруханасының назарына алынып, қажетті медициналық қызмет түрлері көрсетілетін болды. Сауран ауданы, Құмтиін елді мекенінен келген Жақсыкүл Истамкулованың көтерген мәселесі бойынша Сауран аудандық ауруханасы науқастың аяқ буындарын емдеуге көмек көрсетіледі деп шегілді.
Тұрғындар көтерген барлық мәселелер басқарма басшысының тұрақты бақылауына алынып, тұрғындар денсаулық сақтау жүйесі бойынша мәселелерін шешуге жәрдемші болған партия қызметкерлеріне алғыстарын білдірді.
«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі
Comments