Сәуірдің жиырма үшінші жұлдызы – күллі ғаламның кітапсүйер халқы мен осы сала қызметкерлері үшін мереке. Дәл осы дата 1995 жылы ЮНЕСКО шешімімен «Халықаралық кітап және авторлық құқық күні» болып белгіленген.
Осынау атаулы күнге орай «AMANAT» партиясы Жетісай аудандық филиалындағы «Кітап-AMANAT» мәдени-ағартушылық орталығында «Кітап арқылы ашылған сырлы әлем» атты кітап көрмесі өтті. Көрмеге қатысқан Жетісай қалалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының оқушылары «Қазақстан жазушылары балаларға», «Әлем балалар әдебиеті», «Ең ақылды кітаптар», «Оқимыз –ойнаймыз», «Сиқырлы ертегілер» атты бөлімдерден тұрған кітап әлеміне сяахат жасады.
Көрмеде келушілер әйгілі ертекші-жазушы Ханс Кристиан Андерсеннің шығармаларымен танысты. «Қазақстан жазушылары балаларға» атты бөлімінде «Балалар әдебиетінің алтын қоры» сериясымен шыққан қазақ балалар әдебиеті классиктерінің ең үздік туындыларын ұсынылды. Сонымен бірге, кішкентай оқырман қауымға арналған М.Әлімбаевтың өлеңдері, тақпақтары, жұмбақтары мен жаңылтпаштары енген Алматы: «Раритет» баспасымен жарық көрген «Балдәурен» кітабы да келушілерді қызықтырды. Халқымыздың аса көрнекті ағартушысы, ақыл – ойшысы, қоғам қайраткері Ы. Алтынсариннің «Таза бұлақ» әңгімесі мен өлеңдері, әңгімелері мен очерктері, хаттар енген жинағы қойылды.
«Әлем балалар әдебиеті» бөлімінде есімдері дүниежүзіне әйгілі, әлемдік балалар классиктері Корней Чуковский мен Агния Бартоның «Балауса» баспасынан шыққан өлеңдері мен дастандары таныстырылды. Рухани әлемінің қайнар бұлағының бірі ол ертегілер. Ертегілер халықтың үміт- тілегінен, аңсар-арманынан, ұшқыр қиялынан туған. Әлем ертегілерін құрастырған Оразақын Асқардың «Әлем халықтарының ертегілері» оқушылар назарына ұсынылды…
Comments