Партияның Төлеби аудандық филиалына Тасарық ауылының тұрғындары орталық жол бойын көгалдандыру мәселесін көтерді. Ауыл тұрғындарының сұранысы Төлеби аудандық мәслихатының депутаты, партиялық фракцияның мүшесі Талғат Манкеевтің бақылауына алынып, абаттандыру жұмыстары бастау алды. Шардара аудандық партия филиалының ықпалымен Қоссейіт ауылдық округіне қарасты «Балдырған» балабақшасы қызметкерінің зейнетақы қорына аударылатын төлемдері бойынша бұзылған құқығы қалпына келтірілді. Бұл мәселе аудандық білім бөлімінің назарына алынды.
Аталған деректерден, партия көмегіне жүгінетін азаматтардың талап-тілегі әрқилы екенін байқаймыз. Қоғамдық қатынаста өзіндік орны бар саяси ұйым ретінде «AMANAT» партиясы әрбір өтініштің артында адам тағдыры тұрғанын ескере отырып, тұрғындар білдірген сұраныстардың мейлінше оң шешілуіне жәрдемшілік қызмет көрсетіп жатқанын көреміз. Нақты істің партиясы ретіндегі мәртебемізді ілгерілетуде қоғамдық қабылдау бөлмелерінің қызметін одан әрі ширататын боламыз.
«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі
Comments