Тұрақты жұмысқа орналасу мәселесі бойынша хабарласқан тұрғын Атамекен дәрігерлік амбулаториясындағы бос жұмыс орнына жолданды. Ал денсаулық жағдайына шағымданған азаматшаға Шымкент қаласындағы емдеу мекемелерінің біріне ем алуға жолдама берілді.
Партияның Кентау қалалық филиалының ықпалымен көпбалалы ананың қарыз болуына байланысты жеке банктік шотының бұғаттан шығарылуына жәрдем көрсетілді. Төрт баланы жалғыз өзі асырап отырған тағы бір көпбалалы ананың тұрақты жұмысқа орналасуына көмек берілді. Стоматолог маманның қалалық емханаға мамандығы бойынша жұмысқа тұруына қолдау көрсетілді. Азаматтарды жұмысқа орналастыру мәселелері Мансап орталығында бекітілген талаптар бойынша жүзеге асты.
Ордабасы аудандық партия филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесіне көмек көрсету мәселесі бойынша жүгінген Темірлан ауылының тұрғыны, көпбалалы анаға Ордабасы аудандық мәслихатының депутаты, партиялық фракцияның мүшесі Нұрзат Ортай қаржылай қолдау көрсетті. Әлеуметтік тұрғыда осал топқа жататын бірқатар тұрғындар Сайрам аудандық партия филиалына да көмек көрсету мәселесі бойынша жүгінген. Аудандық мәслихаттағы аманаттық депутаттар қолдауға зәру жерлестеріне азық-түлік себеттерін үлестірді.
Партияның Созақ аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесіне Шолаққорған ауылының тұрғыны үйінің шатырын жөндеуге көмек керек екенін айтып жүгінді. Тұрғынның өтінішіне аудандық мәслихат депутаты, партиялық фракцияның мүшесі Серік Әбілқасымұлы қолдау көрсететінін айтып, шифер алып беруге уәде етті. Созақ аудандық мәслихатының тағы бір депутаты, партияласымыз Қарлығаш Жамиева жұмысқа орналасу мәселесімен келген ауыл тұрғынының өтінішін өз бақылауына алатынын хабарлап, қоғамдық жұмысқа орналастыру мүмкіндіктерін қарастыратынын айтты…
Comments