ӘлеуметҚоғам

ҮЙЛЕСТІРУ КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ (-2-)

Осы акцияны қолдау мақсатында кәсіподақ төрағасы Бердіғали Өмірәлі қатысушыларды экологиялық науқанға белсене қатысуға шақырып, кеңес мүшелеріне тиісті тапсырмалар берді.
Күн тәртібіндегі келесі мәселе бойынша Бердіғали Өмірәлі кеңес мүшелерін 12 сәуірде Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының Халықаралық еңбек ұйымымен бірге ұйымдастырған «Еңбек саласындағы әйелдер: жаңа шешімдер уақыты» тақырыбында Қазақстанның еңбекші әйелдерінің I-ші форумына Түркістан облысынан қатысқан делегаттармен таныстырып, олармен форум нәтижелері туралы сөз өрбітті. Өз кезегінде делегаттар форумда өткен іс-шаралардын маңыздылығын, әлемнің үздік үлгілеріне сүйене отырып, мемлекеттің гендерлік саясатын жетілдіру, қоғамдағы әйел рөлін арттыру, олардың әлеуетін дамыту, дәстүрлі отбасылық құндылықтарды сақтау және жұмыс орнында тиісті жағдай жасау мәселелері бойынша тиімді ұсыныстар талқыланғанын айтты.
Жиын соңында Бердіғали Өмірәлі еңбегімен еленген ару делегаттарымызды аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің Алғыс хатымен марапаттап, гүл шоқтарын табыстады.

ҮЙЛЕСТІРУ КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ (-1-)

Алдыңғы

ТҮРКІСТАН-КЕЛЕС: ПАРТИЯ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ БРИФИНГ ӨТКІЗДІ. (-2-)

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *