ӘлеуметҚоғам

ҮЙЛЕСТІРУ КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ (-1-)

Бүгін, «Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бердіғали Өмірәлінің төрағалығымен Үйлестіру кеңесі өтті.
Жиынға салалық және жергілікті кәсіподақтардың төрағалары мен кәсіподақ активінен бөлек, ағымдағы жылдың 12 сәуірінде Астана қаласында Қазақстанның еңбеккер әйелдерінің «Еңбек саласындағы әйелдер: жаңа шешімдер уақыты» атты I-ші Форумына Түркістан облысынан қатысқан делегаттар Нилуфар Хилветова, Айгуль Сайдуллаева және Алия Киргизбаева арнайы шақыртылды.
Күн тәртібінде келесідей өзекті мәселелер қаралды:
1. Елдегі су тасқынына байланысты сұрақтар;
2. «Таза Қазақстан» науқанын қолдау мәселесі;
3. 12 сәуір күні Астана қаласында өткен Қазақстанның еңбеккер әйелдерінің «Еңбек саласындағы әйелдер: жаңа шешімдер уақыты» атты форумның нәтижелері;
Кеңесте күн тәртібінде көрсетілген мәселелер бойынша «Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бердіғали Өмірәлі кеңес мүшелерімен елімізде су тасқынына байланысты орын алған төтенше жағдай туралы сөз қозғап, оның салдарынан зардап шеккен кәсіподақ мүшелерінің отбасыларына, су басқан өңірлердің тұрғындарына кәсіподақтардың жасап жатқан қайырымдылық көмегі туралы айта келе, алдағы уақытта да қолдан келгенше көмек қолын созуға шақырды.
Бұдан басқа, кеңеске қатысушылар Мемлекет Басшысының тапсырмасына сәйкес, «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының мәселесі туралы сөз өрбітті. Ондағы акцияның басты мақсаты — қоршаған орта мен тұрғындар үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету, азаматтық жауапкершілікті арттыру, экологиялық сана мен экологиялық мәдениетті қалыптастыру және нығайту мақсатында құрылған қоғамдық игілікке ұқыптылықпен қарау қағидаттарын қалыптастыру…

«AMANAT»-ТЫҚТАР «КИЕЛІ МЕКЕН» АПТАЛЫҒЫНА ҮЛЕС ҚОСТЫ

Алдыңғы

ҮЙЛЕСТІРУ КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ (-2-)

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *