ӘлеуметҚоғам

ФИЛИАЛ ТӨРАҒАСЫ САЙРАМ АУДАНЫНДАҒЫ ПАРТИЯЛАСТАРМЕН КЕЗДЕСТІ (-2-)

Мұнда 2 жыл бұрын қоғамдық қабылдау бөлмесі ашылып, содан бергі уақытта қоғамдық қабылдау алаңында аудандық мәслихат депутаттары, сала басшылары халықтың өтініш-тілегін тыңдап, арыз-шағымына құлақ түріп келеді.
Атынсары Дүйсенбекұлы Сайрам ауданына жасаған сапары барысында Кемел Тоқаев атындағы мектебінің мәжіліс залында Көлкент ауылдық округінің тұрғындарымен және партия белсенділерімен кездесті. Алдымен білім ордасының жаңа заманауи техникалық базасымен, мектеп ұстаздарының қол өнерлерін көрген филиал төрағасы мектеп ауласындағы көгаландыру жұмыстарына да көңіл бөліп, жасыл шырша, ағаштар отырғызу іс-шарасына қатысты.
Ал, мектептің мәжіліс залында өткен жиында «Көлкент» БПҰ төрағасы Нематжон Атаниязов атқарылған жұмыстарының есебін берді. Кездесуге Сайрам ауданы әкімінің орынбасары Мадияр Алипов, Қарабұлақ ауылдық округі әкімінің орынбасары Дилмурат Усманов, аудандық мәслихат депутаттары, фракция мүшелері Мухиддин Сиддиков, Ғанишер Раймкулов, ауыл ақсақалдары, ауыл билері, партия белсенділері, аудандық «Жастар қанаты» Жастар Рухы мүшелері, ауыл тұрғындары қатысты.
Жиын соңында Алтынсары Үмбетәлиев бастауыш партия ұйымдарының төрағаларының атқарып жатқан жұмыстарына оң бағасын беріп, партияластарды бірлесе жұмыс атқаруға шақырды.
«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі

ФИЛИАЛ ТӨРАҒАСЫ САЙРАМ АУДАНЫНДАҒЫ ПАРТИЯЛАСТАРМЕН КЕЗДЕСТІ (-1-)

Алдыңғы

ТҮРКІСТАН-КЕЛЕС:​ ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ.

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *