Партияның қозғаушы күші саналатын бастауыш партия ұйымдарының еңбегі ерен. Республика бойынша 800 мыңнан аса партия мүшелері болса, соның 10 пайызы Түркістан облысында. Олар 242 бастауыш партия ұйымына біріктірілген. Партиямыздың жұмысын одан әрі жетілдіруде осынау бастауыш ұйымдардың рөлі аса маңызды.
«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Алтынсары Үмбетәлиев бүгінде ауыл-аймақтардағы бірқатар бастауыш партия ұйымы мүшелерімен кездесіп, олардың ұсыныс-тілектерін тыңдап, әрбір партия мүшесіне партияның мақсатын, егеменді еліміздің саяси өміріндегі рөлін түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеді. Кезекті кездесу бүгін Сайрам ауданындағы «Қарабұлақ» және «Көлкент» бастауыш ұйымдарында өтті.
Алдымен «Қарабұлақ» БПҰ мүшелерімен және ауыл тұрғындарымен кездескен Алтынсары Дүйсенбекұлы партияны ілгерілету аясында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Биыл алғаш рет облысымызда бастауыш партия ұйымдары төрағаларының қатысуымен ауқымды форум өткенін, онда айтылған бірқатар ұсыныстар аясында қазір жұмыстар жүріп жатқанын атап өтті. Партиялық жобалар жөнінде, әсіресе былтырдан бері жүзеге асып жатқан «Ауыл аманаты», «Қарызсыз қоғам» жобаларының ауыл тұрғындарына мол мүмкіндіктер ашып, еңсесін тіктеуіне үлкен үлес қосқанын жеткізді. Сонымен қатар, облыс халқының оның ішінде «АМАNAT» партиясы өкілдері тарапынан төтенше жағдайға байланысты, орын алып жатқан өңірлерге жіберіліп жатқан гуманитарлық көмек жөнінде айтты. Одан бөлек, партияның алдағы уақытта атқаратын міндеттеріне де тоқталды.
«Қарабұлақ» бастауыш партия ұйымының төрағасы Ұлықбек Баялиев атқарылған жұмыстардың есебін берді. 1355 мүшесі бар бастауыш партия ұйымы халыққа қамқор, біріктіруші, ұйымдастырушы, мемлекет саясатын жүзеге асырушы қоғамдық ұйым болып табылады…
Comments