ӘлеуметҚоғам

АЙНАБҰЛАҚ МЕКТЕБІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ

«AMANAT» партиясының 2023-2027 жылдарға «Халықпен бірге!» бағдарламасының орындалуы, жүргізіліп жатқан жұмыстары және белгіленген мерзімде қолданысқа беруілі партияның жіті қадағалауында. Сайлауалды бағдарламаны орындау жөніндегі қоғамның сұранысына ие партия атқаратын он міндеттің ішінде «Сапалы білім мен медициналық қызмет» бөлімінде «Білім беру инфрақұрылымы мен мазмұнының проблемаларын шешу» бағыты қарастырылған.
«AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасы бойынша бекітілген Жол Картасы аясында құрылысы жүргізіліп жатқан нысандардардың бірі — Сайрам ауданы, Манкент ауылдық округіндегі Айнабұлақ мектебі.
Мектеп құрылысы 2022 жылдың шілде айында Түркістан облысының құрылыс басқармасының тапсырысымен салынып бастаған. Жалпы құрылыс құны 2 326 971 979 теңгені құрайтын білім ордасы 600 оқушыға арналған. Мердігер мекеме болып танылған «Строй Экспресс РК» ЖШС-нің өкілдері бүгінде құрылыс жұмыстарына қызу кіріскен. Қазіргі таңда ғимараттың басына 25 жұмысшы тартылып, оқу ордасының құрылысы 50%-ға аяқталған. Бүгінде аталмыш нысанның
А, Б, В блоктарының сыртқы қабырғасының жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Жол Картасы аясында салынып жатқан Сайрам ауданындағы Айнабұлақ мектебінің құрылысы ағымдағы жылдың қыркүйек айының басына дейін аяқталады деп күтілуде. Сондай-ақ нысанның құрылыс деңгейіне апта сайын Партиялық бақылау жұмыстары жүргізіліп отыр.
«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі

«КИЕЛІ МЕКЕН»: САЙРАМДА «ЖАНЫС БАБА» КЕСЕНЕСІНДЕ СЕНБІЛІК ӨТТІ

Алдыңғы

ФИЛИАЛ ТӨРАҒАСЫ САЙРАМ АУДАНЫНДАҒЫ ПАРТИЯЛАСТАРМЕН КЕЗДЕСТІ (-1-)

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *