ӘлеуметҚоғам

«ҚАМҚОРШЫ АМАНАТ» ҚОРЫ ҚҰРЫЛДЫ

Бүгін партия бастамашыл болған «Қарызсыз қоғам» жобасы шеңберінде «Қамқоршы аманат» қорын құру туралы «AMANAT» партиясы, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен екінші деңгейлі банктер арасында Меморандумға қол қойылды.
«AMANAT» партиясының хатшысы Дәулет Жамаубайұлы Кәрібектің төрағалығымен өткен осынау маңызды шараға онлайн байланыс жүйесі арқылы партияның облыстық филиалының төрағасы, Түркістан облыстық мәслихатындағы партиялық фракцияның жетекшісі Алтынсары Үмбетәлиев, Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұралхан Көшеров және өңірдегі «Қарызсыз қоғам» жобасының қаржы сарапшылары мен жауапты мамандар қатысты.
Жиын барысында Дәулет Жамаубайұлы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың халқына арнаған Жолдауында халықтың қаржылық сауаттылығын арттыруға ерекше тоқталып, Үкіметке партиямен бірлесіп жұмыс атқару керектігін тапсырғанын атап өтті. «Өткен жылы пилоттық жоба ретінде 8 өңірде 65 мың азаматтың қаржылық сауаттылығын арттыруға қол жеткіздік. Мамандар қарыз қамытын киген жандарға отбасы бюджетін жасақтауға, кәсібін жүргізуге және бизнес жоспарын әзірлеуге, депозит ашып, қаржы жинауға үйретіп, көмектесті. Осы бағыттағы жұмыстар аясында тағы бір үлкен жоба жүзегелі асқалы тұр»,-деп атап өтті партия хатшысы.
Банкроттыққа ұшыраған адам қайта несие ала алмайтыны белгілі. Ал қарызға батқандар одан ары қалай аяқтан тұрмақ? «Қамқоршы аманат» қорын құру арқылы қарызға батқандарға несие беріледі. Ал қоғамдық қорды екінші деңгейлі банктер қаржыландырады. Сол себепті «AMANAT» партиясы, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен екінші деңгейлі банктер арасында келісім жасалып, меморандумға қол қойылды. Екінші деңгейлі банктердің қатарында «Қазақстан Халық банкі» және «Банк Центр Кредит» АҚ-ы бар. Жиын барысында аталған банк өкілдері мен «Қарызсыз қоғам» жетекшісі сөз алып, қоғамдық қор аясында несие алудың шарттарын атап өтіп, олардың қандай шаруашылықтармен айналысу қажеттігіне тоқталды. Партия хатшысы бұл жүйе ауыл тұрғындарының тез арада қарыздан құтылып, аяқтан тұруына көмек болады, деген сенім білдірді.
«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі

ОТЫРАРЛЫҚТАР АРЫСТАНБАБ КЕСЕНЕСІНІҢ АУМАҒЫН ТАЗАРТТЫ

Алдыңғы

ТАСҚЫННАН ЗАРДАП ШЕККЕНДЕРГЕ КӨМЕК

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *