Бүгін «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық партия филиалының төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Алтынсары Дүйсенбекұлы Үмбеталиев Қазығұрт ауданында болып, «Қарабау» және «Сарапхана» бастауыш партия ұйымының мүшелерімен кездесті.
«AMANAT» партиясы еліміздегі ең ірі саяси ұйым ретінде халықтың сұранысын мейлінше қамтып, олардың тиімді шешім табуына орнықты үлесін қосып келеді. Елімізде барлық өңірде, оның ішінде барлық аудан мен қалада партия құрылымдары жұмыс істеп, қоғамдық-саяси үдерістердің бел ортасынан табылуда. Облыстың 17 аудан мен қаласындағы бұқараның қайнаған ортасынан табылатын бастауыш партия ұйымдары бүгінде жергілікті жерлерде партия саясаты мен оның стратегиялық міндеттерін жүзеге асырып, халықпен және әрбір аманаттықпен етене жұмыс істеуде.
Филиал төрағасы Алтынсары Дүйсенбекұлы бастауыш партия ұйымдарының мүшелерімен кездесу барысында партия айқындаған басымдықтардың іске асырылуы, партияның өңірлік филиалының жұмыс нәтижелері, сайлау алдында берілген уәделердің орындалуы жөнінде кең ауқымды мағлұмат берді. Ашық диалог форматындағы кездесулерде партиямыздың бастамасымен жүзеге асып жатқан «Жер аманаты», «Ауыл аманаты», «Қарызсыз қоғам», «Ардагерлерді ардақтайық» жобаларының нәтижелі көрсеткіштері баяндалды. «Құқықтық көмек» жобасы шеңберінде елді мекендерде атқарушы мемлекеттік органдар мен құқық қорғау органдарымен, қадағалаушы орган өкілдерімен бірлесе өткізіліп жатқан қоғамдық қабылдаулар жайы айтылды. Сонымен қатар, жиынға қатысқан барлық аманаттықтарды халықпен етене жақын болып нәтижелі жұмыстарды бірлесіп атқаруға шақырды.
Айта кетейік, бүгінде «Қарабау» бастауыш партия ұйымының 303 партия мүшесі бар. Аталған бастауыш партия ұйымына А. Макаренко атындағы жалпы білім беретін мектебінің директоры Еркін Ахметов, ал 333 партия мүшесінен құралған «Сарапхана» бастауыш партия ұйымына жеке кәсіпкер Аманжол Аширбаев төрағалық етіп келеді…
Comments