ӘлеуметҚоғам

ТҰРҒЫНДАР ӘЛЕУМЕТТІК САЛА БОЙЫНША ЖҮГІНДІ

Бүгін «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлы тұрғындарды қабылдады. Қабылдауға жазылған азаматтардың дені әлеуметтік көмек, жұмыспен қамту және мардымсыз жалақы бойынша өтініш тілегін жеткізді.
Қоғамдық қабылдауға жазылғандардың мәселесін партияның қабылдау алаңында нақты шешіп кету үшін облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ә.Темірбаева, облыстық құрылыс басқармасы басшысының орынбасары А. Тұрханов, Түркістан қаласы әкімінің орынбасары М. Қырықбаев, қалалық «Мансап» орталығының директоры Н. Жүсіпбаев және Отырар ауданы әкімі аппаратының басшысы Н Момбек, Отырар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің міндетін уақытша атқарушы О Жандарбеков қатысты.
Арыс қаласының тұрғыны М. Үмбетова ауған соғысының ардагері болған жолдасы осыдан 5 жыл бұрын өмірден өткенін, алайда ардагер жұбайы ретінде арнайы мәртебе ала алмай жүргенін атап өтті. Өтініш иесіне қолданыстағы заңнама бойынша ұрыс қимылдары кезінде қаза тапқан немесе хабар-ошарсыз кеткен әскерилердің жұбайларына ғана мәртебе берілетіні түсіндірілді. Арыстық азамат бейбіт күнде қайтыс болғандықтан аталған статус беруге негіз жоқ екен. Сонымен бірге, Арыстағы жарылыстан кейін қайта жөнделген үйінің көп уақыт өтпей-ақ сылағы түсіп, есік-терезесі құлағанын айтып, көмек сұрады. Ермек Кенжеханұлы аталған жәйт бойынша аудан әкімдігіне өтініш білдіріп, кәсіпкерлерді тарта отырып көмек беру шараларын қарастыратынын жеткізді.
Түркістандық азаматша Ж. Тайбекова көлік жүргізушілік тәжірибесі бар жолдасына жұмыс іздеп жүр. Түркістан қалалық «Мансап» орталығының директоры Н. Жүсіпбаев бүгінгі таңда жұмыс іздеушіге бірқатар ұсыныс берілгенін, бұл мәселенің таяу күндері шешімін табатынын айтты. Ал, Отырар ауданынан келген Н. Балғабаев өзінің ағайындары арасындағы даулы мәселені аудандық әкімдік тарапынан шешілмей жатыр, деген уәжбен жүгінді. Аталған жәйт қатысушылар тарапынан жан-жақты сараланып, облыс әкімінің орынбасары Отырар ауданы әкімдігінен келген өкілдерге нақты тапсырма берді.
«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі

ҒАЛЫМНЫҢ ЕҢБЕГІ ЕЛЕНДІ

Алдыңғы

ТҰРҒЫНДАРДЫ ТОЛҒАНДЫРҒАН МӘСЕЛЕГЕ ЖАУАП БЕРДІ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *