ӘлеуметҚоғам

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫНА ПАРТИЯЛАСТАР ДА ҮЛЕС ҚОСАДЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен елімізде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы басталған болатын. 5 аптаға созылатын бұл науқанның бірінші аптасы «Таза өлке» деп аталады. Бұл бастаманы Түркістан облысының табиғат жанашырлары, «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының «Жастар рухы» жастар қанатының белсенділері қуанышпен қабылдап, бастап жіберді.
Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында 2021-2025 жылдар аралығында өңіріміздегі 800-ден астам елді мекенді көгалдандыру үшін 4 миллионнан астам көшет егу көзделген. Биылдың өзінде 1 миллионнан астам көшет егіліп жатыр. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Белсенді демалыс саябағына ағаш отырғызып, түркістандықтарға «Таза Қазақстан» акциясына қолдау білдіру бойынша өз үндеуін жариялады. «Бұл – бір айлық науқан емес. Мақсатымыз – тазалық сақтау, ағаш, гүл егуді өмірлік дағдыға айналдыру. Осы салаға жауапты басқармаларға, аудан, қала әкімдеріне, коммуналдық мекемелерге нақты тапсырмалар берілді. Арнайы техникалар, ресурстар бөлінді. Біз «Таза Қазақстан» акциясы аясында Түркістанымызды одан сайын түрлендіре түсеміз! Оған мүмкіндігіміз жетеді», – деді облыс басшысы.
«Таза өлке» науқаны басталғалы бері облыста 1500 көше және 33 мыңнан астам аяқжол тазаланып, 850 тонна қоқыс шығарылды. Сондай-ақ 140 мыңнан астам ағаш әктеліп, 138 мыңға жуық көшет отырғызылған. Бұдан бөлек 275 саябақ және сквер, 192 дана балалар және спорт алаңшалары тазаланды. Бұл іс-шараларға 279 техника және 15 мыңнан астам адам қатысты. Бүгін аталған акция аясында «Жастар ресурстық орталығы» және «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының «Жастар Рухы» жастар қанатының белсенділері «Түркі бағы» саябағын реттеу, тазалау жұмыстарын жүргізді. Белсенді жастар іс-шараны «Жеңіс» саябағында жалғастырды.
10 сәуір мен 11 мамыр аралығында Түркістан облысында «Таза өлке – Түркістан» науқаны өтеді. Әр аптаға арнайы ат қойылып, түрлі бағытта экологиялық іс-шаралар ұйымдастырылады. Аталған шараға партияның «Жастар рухы» жастар қанатының белсенділері «TazaLike» партиялық жобасы аясында үлесін қоса бермек.

Предпринимателями области Жетісу оказана помощь на сумму более чем 100 млн тенге

Алдыңғы

«ЖАЙЛЫ МЕКТЕП» ЖАЙЫ БАҚЫЛАУДА

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *