ӘлеуметҚоғам

БАСТЫ МІНДЕТ-ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫС (-1-)

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Алтынсары Үмбеталиев Шұбарсу ауылында бастауыш партия ұйымы мүшелерімен кездесті. Жиын барысында «Шұбарсу» бастауыш партия ұйымының төрағасы Сәрсенбек Қабылбеков өткен жылы атқарылған жұмыстардың есебін берді.
2007 жылы құрылған ұйымның бүгінде 653 мүшесі бар. 12 партиялық топ құрылып, «Бақытты отбасы», «Ардагерлерді ардақтайық!», «Құқықтық көмек», «Кедергісіз келешек», «Қарызсыз қоғам» және «TazaLike» сынды партиялық жобаларды іске асыруға белсене үлес қосып келе жатқанын хабарлады Сәрсенбек Құдіретұлы. Өткен жылы партияластар қатары 35-ке көбейген. Аудандық мәслихаттың фракция депутаттарымен бірге тұрақты түрде қоғамдық қабылдау өтіп тұратынын жеткізді. Бастауыш партия ұйымы тарапынан тұрмысы төмен отбасылардың мәселесіне айрықша назар аударылып, бірқатар оңды бастамалар қолға алынған. Сонымен қатар, «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында өткен жылы ауыл тұрғындарының қаржылық сауаттылығын арттыру бойынша 104 азамат курстан өтіп, тиісті сертификаттарын алған. Аталған жоба аясындағы қаржылық сауаттылық арттыру сабақтары биыл да жалғасын табуда. Ұйым төрағасы осы және басқа да жұмыстарды тілге тиек ете келіп, қоғамдық ұйым санатындағы бастауыш партия ұйымын ілгерілетуде ұйымдастырушылық жұмыстарын оңтайландыру бойынша ұсыныстарын білдірді.
Партияның негізгі күші саналатын бастауыш партия ұйымының есептік баяндамасын тыңдаған облыстық партия филиалының төрағасы Алтынсары Дүйсенбекұлы Түркістан өңірі ең көп партия жақтастары бар облыс екенін айта отырып, бастауыш партия ұйымы төрағасының жұмысты жетілдіру бағытындағы ұсыныстарына қолдау білдірді. Ұйымды ынталандыру бойынша ұсыныстарды оң бағалап, бұл бағыттағы жұмыстарды назарға алатынын атап өтті…

ТҮЛКІБАС АУДАНДЫҚ БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ЖИНАЛЫСЫ ӨТТІ

Алдыңғы

БАСТЫ МІНДЕТ-ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫС (-2-)

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *