ӘлеуметҚоғам

КӘСІПОДАҚ АКТИВТЕРІМЕН ОНЛАЙН ОҚЫТУ СЕМИНАРЫ ӨТТІ

Бүгін, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының ұйымдастыруымен «Еңбек шартын тоқтату негіздері» мен «Еңбек шартын жұмыс берушінің бастамасы бойынша бұзу негіздері және тәртібі» тақырыбында кезекті онлайн оқу-семинары өткізілді. Оған Түркістан облысының және Шымкент қаласының барлық салалық және жергілікті кәсіподақ активтері мен белсенді кәсіподақ мүшелері қатысты.
Онлайн кездесуді алғы сөзімен ашқан ҚР Кәсіподақтар федерациясының ұйымдастыру және бақылау жұмысы департаменті директорының орынбасары Ләззат Есжанова семинардың барысымен таныстырып, еңбек адамдарының мүдделері мен беделін жан-жақты қорғау мақсатында кәсіподақ мүшелерінің құқықтық сауатты болуының маңыздылықтарына тоқталып, осы орайда кәсіподақ мүшелерін өзара белсенді қатынасуға шақырды.
Семинардың оқыту бөлімін «Қызылорда облысы кәсіподақтар орталығы» АКБ құқықтық мәселелер жөніндегі бас маманы Майра Боранбаева еңбек шартын тоқтату негіздері тақырыбында жалғастырып, қатысушыларға ҚР Еңбек заңнамасының қолдануы аясында теориялық ақпарат беріп, нақты мысал келтіре отырып айтып өтті.
Сонымен қатар, семинар спикері «Еңбек шартын жұмыс берушінің бастамасы бойынша бұзу негіздері және тәртібі» тақырыбына тоқталып, екі тараптардың негізгі міндеттерін егжей-тегжейлі түсіндіріп өтті.
Әрі қарай семинар ашық пікір алмасу форматында жалғасты. Іс-шараға қатысушылар ұсынылған тақырыптарды белсенді талқылап, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, оларға толық жауаптар алды.
Оқыту соңында ҚРКФ Ұйымдастыру-бақылау жұмысы департаменті директорының орынбасары Ләззат Есжанова кәсіподақ мүшелерін кәсіби біліктілігін, құқықтық сауаттылығын арттыруға шақырып, семинарға қатысушыларға өз ризашылығын білдірді.

ҚАЛЫЙМА ЖАНТӨРЕҚЫЗЫ АҚТӨБЕЛІК АҒАЙЫНДАРДЫҢ ЖАНЫНАН ТАБЫЛДЫ (-2-)

Алдыңғы

«ТҮЛКІБАС» БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫНЫҢ ЖИНАЛЫСЫ ӨТТІ

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *