Әлеумет

ТҰРҒЫНДАР ҮШІН ӨТЕ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ЕКШЕЛДІ (-5-)

Саяси Кеңес Бюросының отырысы барысында Кеңес құзырына жататын мәселелер бойынша «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы жанындағы отбасы істері және әлеуметтік қорғау қоғамдық кеңесінің төрағасы болып Түркістан облыстық мәслихатының депутаты, партиялық фракция мүшесі Ғалымжан Елшібай бекітілді. Саяси кеңес Бюросының 2024 жылға арналған жұмыс жоспары бекітіліп, «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының 2023 жылға арналған бюджетінің орындалуы туралы қаулы қабылданды.
Партия филиалы Саяси кеңес Бюросы мүшелерінің бір ауыздан қабылданған шешімімен «ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының Түркістан облыстық филиалының директоры Саят Алтынбековтың, «Қазсушар» ШЖҚ республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Түркістан облысы бойынша директоры Қазыбек Бедебаевтың жұмыс есептерін қайта тыңдау ұйғарылды.
«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі

ТҰРҒЫНДАР ҮШІН ӨТЕ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ЕКШЕЛДІ (-4-)

Алдыңғы

ЖҰРТ ЖҰДЫРЫҚТАЙ ЖҰМЫЛЫП ЖАТЫР

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *