Әлеумет

ТҰРҒЫНДАР ҮШІН ӨТЕ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ЕКШЕЛДІ (-3-)

Партиялық алаңда өткен жиында облыс тұрғындарының орынды ренішін туғызып отырған басты мәселе – «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық автодәлізінің Түркістан облысына тиесілі бөлігіндегі жол жабындысының сапасыз күйі қаралды. Партияның өңірлік филиалының Саяси Кеңес Бюросы осы сауалға жауап беру үшін «ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының Түркістан облыстық филиалының директоры Саят Алтынбековты шақыртқан болатын. Мекеменің бірінші басшысы жиынға келмей, ұйымның беделін қорғауға өзінің орынбасары Қанат Жолтаевты жіберген. Осы мәселе бойынша жиынға Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Қуат Жұматаев та қосымша хабарламашы ретінде қатысуы тиіс еді. Облыс әкімдігінің басқарма басшысы да өзінің орнына орынбасары Мейіржан Жалайыровты жіберіп, Саяси Кеңес Бюросымен сындарлы пікір алмасуға дайын еместіктерін көрсетіп алды.
Түркістан облысының энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Руслан Мұздыбековтың орнына оның орынбасары Роза Сариева қатысып, сауалдарға жауап беруге дайын еместігін білдірді. Облыс елді мекендерін ағын сумен қамту, ирригациялық жүйелердің ахуалы жөнінде толық мағлұмат беруге «Қазсушар» ШЖҚ республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Түркістан облысы бойынша директоры Қазыбек Бедебаевтың орнына қатысқан оның орынбасары Дархан Ысқақ та дайын болмай шықты.
Мәжілісте республикалық және облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының қазіргі ахуалы фотоайғақтармен көрсетілді. Оның ішінде көпірлердің жарамсызданған күйі жауапты өкілдердің назарына жеткізілді. Партия өкілдері ақылы жолдан түсіп жатқан табыстың бөлігі жол сапасын жақсартуға, жолдың жүріс бөлігіне қараусыз малдың шығып кетпеуін тежейтін қоршаулар орнатуға неге жұмсалмайтыны сұралды…

ТҰРҒЫНДАР ҮШІН ӨТЕ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ЕКШЕЛДІ (-2-)

Алдыңғы

ТҰРҒЫНДАР ҮШІН ӨТЕ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ЕКШЕЛДІ (-4-)

Келесі

Оқи отырыңыз

Comments

Leave a reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *